date

Тоттенхэм биыл АПЛ-де жетінші рет гол жібермеді

Тоттенхэм биыл АПЛ-де жетінші рет гол жібермеді

АПЛ-дің 19-туры аясындағы соңғы матчтарда «Тоттенхэм» «Брентфордпен» тең ойнап, қақпасын голдан аман сақтап қалды. Бұл туралы euro-football.ruхабарбереді.

Бұл нәтиже «шпорлардың» биылғы АПЛ маусымындағы гол жібермеген ойындарының санын 7-ге жеткізді. Қызығы, бұл көрсеткіш өткен маусымдағы жалпы нәтижеден де жоғары: ол кезде «Тоттенхэм» алаңнан бар болғаны 6 рет «құрғақ» қайтқан еді.

Осы тұрғыдан Томас Франк командасының қорғаныстағы өсімі көзге түседі, алайда турнир кестесіндегі жағдай бұлай деуге мүмкіндік бермейді — «Тоттенхэм» әзірге АПЛ-де 12-орында келеді.

Келесі турда «Тоттенхэм» «Сандерлендке» қарсы алаңға шығады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Тоттенхэм биыл АПЛ-де жетінші рет гол жібермеді