date

«Атлетико» «Арсеналдың» бұрынғы ойыншысы Таварешке көз тікті

«Атлетико» «Арсеналдың» бұрынғы ойыншысы Таварешке көз тікті'z tikdi

«Лационың» сол қаптал қорғаушысы Нуну Тавареш мансабын Мадридтің «Атлетико» клубында жалғастыруы мүмкін. Бұл туралы euro-football.ru хабарладыхабарлайды.

Журналист Флориан Плеттенбергтің мәліметінше, «матрасшылардың» өкілдері ықтимал трансфер шарттары туралы ақпарат сұратқан. Әзірге әңгіме тек қызығушылық жайында, нақты келіссөздер басталған жоқ.

2025 жылдың жазында «Лацио» Таварешті Лондонның «Арсеналынан» 5 млн еуроға толық сатып алған. Бұған дейін португалиялық футболшы римдіктер сапында жалға алу негізінде ойнаған. Transfermarkt бағалауынша, 25 жастағы ойыншының құны 15 млн еуро, ал қолданыстағы келісімшарты 2029 жылға дейін есептелген.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » «Атлетико» «Арсеналдың» бұрынғы ойыншысы Таварешке көз тікті