Нкунку жарақат алып, «Кальяриге» қарсы ойынды өткізіп алуы мүмкін

Италия чемпионаты 2 қаңтар күні қайта басталады. Сол күні «Милан» «Кальяриге» қарсы ойнайды, алайда матч қарсаңында Массимилиано Аллегри шабуыл шебінде қиындықтарға тап болды. Бұл туралы euro-football.ru хабарладыхабарлайды.
Рафаэл Леаудың алаңға оралуы әлі де созылып жатқандықтан, оның қатысуы белгісіз. Бұған қоса, алдыңғы ойында командаға көмектескен Кристофер Нкунку да жаттығу кезінде жарақат алып, «Кальяриге» қарсы кездесуді өткізіп алуы мүмкін. Бұл туралы Sky Sports-тың Италия бөлімінде жұмыс істейтін журналист Пеппе ди Стефано мәлімдеді.
Еске сала кетейік, «Милан» А сериясының турнир кестесінде екінші орында келеді.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз