date

Фюллькруг «Милан» жанкүйерлеріне алғаш рет үн қатты

Фюллькруг «Милан» жанкүйерлеріне алғаш рет үн қатты

Германиялық шабуылшы Никлас Фюллькруг «Милан» сапына қосылды. Әзірге ол италиялық клубқа жалға алу негізінде келді. Бұл туралы euro-football.ruхабарлайды.

Футболшы жанкүйерлерге арнаған алғашқы сөзінде «Сан-Сиро» стадионында ойнау өзі үшін зор мәртебе екенін атап өтті. Алайда оның дебюті, үлкен ықтималдықпен, «Милан» бүгін қонаққа баратын ойында — Кальяриде өтеді.

«Сәлеметсіздер ме, мен осындамын және бұл мен үшін үлкен мәртебе. Осы жейдені киюді тағатсыздана күтіп жүрмін. Клуб үшін барымды салуға тырысамын және кім білсін, бәлкім өз атымды оның даңқты тарихына да жаздырармын. Кеттік!» — деп Фюллькругтің сөзін pianetamilan.it келтірді.

Фюллькругтің бұрынғы клубы Лондонның «Вест Хэм» командасы еді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Фюллькруг «Милан» жанкүйерлеріне алғаш рет үн қатты