date

Салах "Реалға" шақырту алды, мадридтіктер бас тартты

Салах "Реалға" шақырту алды, мадридтіктер бас тартты

Килиан Мбаппенің жарақат алып, бірнеше апта алаңға шыға алмай қалуы мүмкін екенін ескере отырып, агенттер "Реал Мадридке" Мохамед Салах кандидатурасын ұсынды. Бұл туралы Defensa Central басылымы хабарлады.

Дереккөздің хабарлауынша, "корольдік клубқа" 33 жастағы мысырлық вингерді 12 миллион еуроға жалға алу нұсқасы ұсынылған. Алайда мадридтіктер бұл шарттарды өте қымбат деп бағалап, ұсынысты қабылдамады.

Айта кетейік, биылғы маусымда Мұхаммед Салах барлық турнирлер аясында 20 ойынға қатысып, 5 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді. Футболшының қазіргі келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін есептелген.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Салах "Реалға" шақырту алды, мадридтіктер бас тартты