date

Фюллькруг «Милан» сапындағы дебютінен кейін әсерімен бөлісті

Фюллькруг «Милан» сапындағы дебютінен кейін әсерімен бөлісті

Германиялық шабуылшы Никлас Фюллькруг «Милан» сапында дебюттік матч өткізді. Оның алғашқы ойыны «Кальяриге» қарсы кездесуге тұспа-тұс келді, ал Массимилиано Аллегри жетекшілік ететін команда 1:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайдыхабарлайды.

Матчтан кейін Фюллькруг көңіл күйінің жоғары екенін жасырмады: «Тамаша дебют, жыл үшін мінсіз бастау. Өзімді үйдегідей сезінемін, үй стадионындағы алғашқы ойыным әлі алда болса да. Оны асыға күтіп жүрмін. Қолдау көрсеткендердің бәріне рақмет», — деп футболшының сөзін pianetamilan.it келтірді.

Еске сала кетейік, Фюллькруг бұған дейін Дортмундтың «Боруссиясында» және Лондонның «Вест Хэм» клубында да ойнаған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Фюллькруг «Милан» сапындағы дебютінен кейін әсерімен бөлісті