date

«Челсиде» Маресканың кетуі туралы пікір екіге бөлінді

«Челсиде» Маресканың кетуі туралы пікір екіге бөлінді

«Челси» құрамында Энцо Маресканың бас бапкер қызметінен босатылуын барлық футболшы бірдей қабылдаған жоқ. Бұл туралы euro-football.ruхабарлайды.

Команданың негізгі бөлігі басшылықтың шешімін қолдап отыр, алайда кейбір ойыншылар жаңа бапкер мәселесі шешілмеген жағдайда клубты тұрақсыз кезең күтуі мүмкін деп алаңдайды.

The Athletic мәліметінше, әзірге командадағы ахуал жалпы алғанда сау, бірақ белгісіздік кейбір футболшыларды үрейлендіреді.

Мареска 1 қаңтар күні «Челси» бас бапкері қызметінен кетті және АПЛ тарихында Жаңа жыл күні жұмыстан алынған алғашқы бапкер атанды.

Оның орнына негізгі үміткер ретінде «Страсбургті» баптап жүрген Лиам Розеньор қарастырылып отыр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » «Челсиде» Маресканың кетуі туралы пікір екіге бөлінді