date

Деклан Райс Дьёкерешті әлемдегі ең үздіктердің бірі деді

Деклан Райс Дьёкерешті әлемдегі ең үздіктердің бірі деді

Лондонның «Арсенал» клубының жартылай қорғаушысы Деклан Райс АПЛ-дің 20-туры аясында «Борнмутқа» қарсы өткен және 3:2 есебімен аяқталған матчтан кейін команданың орталық шабуылшысы Виктор Дьёкерештің ойыны туралы пікір білдірді. Бұл туралы euro-football.ruхабарбереді.

Райстың айтуынша, Дьёкерешке алаңда оңай болмаған: қарсылас оны жиі екі қорғаушымен қатар бақылаған. Соған қарамастан, Виктор команда үшін соңына дейін жұмыс істейді, ал АПЛ-дегі қорғаушылар оның мүмкіндіктерін барынша шектеуге тырысады. Жартылай қорғаушы Дьёкерешті әлемдегі ең мықты шабуылшылардың бірі ретінде бағалап, оның ықпалынсыз «Арсеналдың» қазіргі нәтижелерге, әсіресе турнир кестесіндегі көшбасшылыққа жетуі қиын болатынын атап өтті.

Англия чемпионатының осы маусымында Виктор Дьёкереш 18 ойында алаңға шығып, 5 гол соқты.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Деклан Райс Дьёкерешті әлемдегі ең үздіктердің бірі деді