date

Рис Джеймс «Челсидің» ойын жоспары іске асқанын айтты

Рис Джеймс «Челсидің» ойын жоспары іске асқанын айтты

Лондондық «Челси» бас бапкермен қоштасқаннан кейін қиын жағдайға тап болғанымен, Англия Премьер-лигасының 20-туры аясында «Манчестер Сити» алаңында жеңіліп қалмады. Ойыннан кейін қорғаушы Рис Джеймс нәтижеге қалай қол жеткізілгені туралы журналистерге айтып берді. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайдыхабарбереді.

Джеймстің айтуынша, команда матчқа нақты жоспармен шыққан. «Бір қателіктің салдарынан гол жіберіп алдық, бірақ екінші таймда қарқын мен қысымды күшейттік. Сол кезде мүмкіндігіміз пайда болды да, Энсо Фернандес оны тиімді пайдаланды», — деді футболшы.

Жиналған бір ұпай «Челсиге» турнир кестесінде 5-орынды қайта алуға көмектесті. Клуб бұл орынды бірнеше сағатқа «Манчестер Юнайтедке» беріп қойған еді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Рис Джеймс «Челсидің» ойын жоспары іске асқанын айтты