Гасперини А сериясында 1000 ұпай жинаған үшінші бапкер атанды

«Рома» бас бапкері Джан Пьеро Гасперини А сериясында сирек кездесетін нәтижеге қол жеткізді. Рим клубы Италия чемпионатының 19-туры аясында «Леччені» 2:0 есебімен жеңді. Ойында Эван Фергюсон мен Артём Довбик қарсылас қақпасына гол соқты. Бұл туралы euro-football.ru хабар береді.
Opta дерегіне сүйенсек, Гасперини жеңіс үшін үш ұпай берілетін кезеңде А сериясында 1000 ұпай межесіне жеткен небәрі үшінші бапкер атанды. Бұған дейін бұл көрсеткішке Массимилиано Аллегри (1050) және Лучано Спаллетти (1014) жеткен, қазір олар тиісінше «Милан» мен «Ювентусты» жаттықтырып жүр.
Еске салайық, Джан Пьеро Гасперини өткен жазда «Романың» тізгінін ұстаған еді. Маманды бұған дейін «Аталантада» ұзақ жылдар бойы табысты жұмыс істегенімен таниды.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз