date

ESPN Модричті XXI ғасырдың ең мықты 25 футболшысының қатарына қосты

ESPN Модричті XXI ғасырдың ең мықты 25 футболшысының қатарына қосты

Хорватияның тәжірибелі жартылай қорғаушысы Лука Модрич тағы бір мәрте мойындалды. ESPN XXI ғасырдың ең үздік футболшыларының рейтингін жариялап, тізімге Модричті де қосты. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайды .

Рейтингтің алғашқы үш орнын Лионель Месси, Криштиану Роналду және Тьерри Анри иеленді.

Модрич Роналду және Роналдиньомен бірге үздік ондыққа кірді. 11-орынға Златан Ибрагимович орналастырылса, 19-орында Рикарду Кака көрсетілді, 21-орынды Андреа Пирло иеленді. Топ-25 тізімін француз жартылай қорғаушысы Патрик Виейра түйіндеді.

Еске салайық, Модрич өткен жаздан бері «Милан» сапында доп тебіп жүр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » ESPN Модричті XXI ғасырдың ең мықты 25 футболшысының қатарына қосты