Амброзини «Милан» басшылығынан Лофтус-Чикті сатпауды сұрады

Амброзини «Милан» басшылығынан Лофтус-Чикті сатпауды сұрады

«Миланның» бұрынғы жартылай қорғаушысы Массимо Амброзини клуб басшылығына жүгініп, ағылшын футболшысы Рубен Лофтус-Чикпен қоштасудың қажеті жоқ екенін атап өтті. Оның пікірінше, бұл ойыншы командаға өте үлкен пайда әкеле алады. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайды хабар береді.

Амброзини Лофтус-Чиктің физикалық мүмкіндіктері мен айып алаңына жиі-жиі ұмтылып кіруі «Миланға» қосымша голдар әкелетінін айтты. «Мұндай футболшыны мен ешқашан сатпас едім», — деп оның сөзін pianetamilan.it келтіреді.

Еске сала кетейік, қазір «Милан» Италия чемпионатының турнир кестесінде екінші орында келеді. Клуб соңғы рет 2022 жылы чемпион атанған.

Пікірлер 0

Байланысты жаңалықтар