date

«Рома» ойыншысы Довбик жарақаттан көз жасымен алаңнан кетті

«Рома» ойыншысы Довбик жарақаттан көз жасымен алаңнан кетті

«Рома» клубының украиналық шабуылшысы Артём Довбик А сериясындағы кеше «Леччеге» қарсы өткен матчта алаңға шықты. Ол 60-минутта қосалқы құрамнан ойынға қосылды, алайда жарақатына байланысты кездесуді соңына дейін жалғастыра алмады. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайды .

Довбик 86-минутта қайта алмастырылды. Қосалқы орындыққа оралғаннан кейін футболшы көз жасын тыя алмады. Еске салайық, бұған дейін ол жарақат салдарынан шамамен екі ай алаңнан тыс қалған еді.

Соған қарамастан, Артём сол ойында гол соғып үлгерді. «Қасқырлар» сырт алаңда 2:0 есебімен жеңіске жетті.

А сериясының биылғы маусымында Довбик 13 матчқа қатысып, 3 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » «Рома» ойыншысы Довбик жарақаттан көз жасымен алаңнан кетті