date

Галатасарай Наполидің шабуылшысы Ноа Лангты жалға алды

Галатасарай Наполидің шабуылшысы Ноа Лангты жалға алды

Шабуылшы Ноа Ланг клубын ауыстырды. «Галатасарайдың» ресми сайты 26 жастағы нидерландиялық футболшыны «Наполиден» жалға алғанын жариялады. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайды .

Ланг өткен жаздан бері «Наполи» сапында ойнап жүрді. Ол алаңға тұрақты шыққанымен, көбіне негізгі құрамнан орын ала алмады. Енді Ноа Ыстамбұл грандында өзін көрсетуге тырысады және бұл командада оның рөлі әлдеқайда маңызды болады деп күтілуде.

«Галатасарай» Түркия чемпионатының турнир кестесінде көш бастап тұр және екінші орындағы «Фенербахчеден» бір ұпайға алда. Чемпиондар лигасында ыстамбұлдықтар әзірге 17-орында. Келесі аптада «Галатасарай» сырт алаңда «Манчестер Ситимен» кездеседі.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Галатасарай Наполидің шабуылшысы Ноа Лангты жалға алды