Арне Слот Джеррард сынына жауап беріп, пікірін түсіндірді

«Ливерпульдің» бас бапкері Арне Слот клуб аңызы Стивен Джеррардтың сөздеріне пікір білдірді. Джеррард нидерландиялық маман қарсыластардың төмен блокта қорғануына қатысты шағымды азайтуы керек екенін айтқан еді. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайды. хабар лайды.
Slot Sky Sports-қа берген сұхбатында Джеррардтың нақты не айтқанын толық естімегенін, бірақ оның әрдайым «Ливерпульге» ықыласпен қарайтынын атап өтті. Бапкер төмен блок тақырыбын жиі қозғайтынын жасырмады: көптеген матчта команда дәл осындай қорғанысқа қарсы ойнауға мәжбүр болатынын айтты.
Сондай-ақ Слот Джеррард ойыншылық мансабында төмен блокты бұзып өте алатын орындаушылардың бірі болғанын еске салды. Бапкер бұл тақырыпта басқа сөз тіркестерін табуы немесе мүлде пікір білдірмеуі де мүмкін екенін қосты: «Қалай болғанда да, мұны бәрі біледі», — деді ол.
Сенбі күні «Ливерпуль» сырт алаңда «Борнмутқа» қарсы ойнайды.