date

«Әл-Наср» Роналдумен 2027 жылдан кейін де қалғысы келеді

«Әл-Наср» Роналдумен 2027 жылдан кейін де қалғысы келеді

Шабуылшы Криштиану Роналду қолданыстағы келісімшарты аяқталғаннан кейін, 2027 жылдың жазында «Әл-Насрдан» кетуді жоспарлап отыр. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайды .

Журналист Бен Джейкобстың мәліметінше, Сауд Арабиясы Роналдудың елде қалуы үшін оны клуб иелерінің біріне айналдыру нұсқасын қарастыруда. Жоспар бойынша португалиялық жұлдыздың «Әл-Насрдағы» үлесі қазіргі деңгейден арттырылып, 15 пайызға дейін жеткізілуі мүмкін. Лига да Роналду кеткен жағдайда жаһандық қызығушылықтың күрт төмендеп кетпеуі үшін түрлі сценарийлерді зерттеп жатыр.

Роналду 2023 жылы «Әл-Насрға» еркін агент ретінде келген еді. Ағымдағы маусымда ол Сауд клубы сапында 20 матчқа қатысып, 17 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » «Әл-Наср» Роналдумен 2027 жылдан кейін де қалғысы келеді