date

«Барселона» «Генктен» жас орталық қорғаушыны алуға келісті

«Барселона» «Генктен» жас орталық қорғаушыны алуға келісті

«Барселона» Бельгияның «Генк» клубының орталық қорғаушысы Ювенлси Онстейнді құрамына қосуды жоспарлап отыр. Инсайдер Маттео Мореттоның мәліметінше, тараптар трансфер шарттары бойынша келісімге жақын, ал 18 жастағы футболшының өзі де «көк-алақызылдардың» ұсынысына келісім берген. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайды хабарлайды .

Нидерландтық талант әзірге «Генктің» екінші командасында ойнайды және негізгі құрамда дебют жасаған жоқ. Соған қарамастан, каталондық клуб оның әлеуетіне сенеді және футболшыны кезең-кезеңімен дамытуға бағытталған ұзақ мерзімді жоспар әзірлеуде.

Онстейн «Йонг Генк» сапында Бельгияның екінші лигасында 20 матчқа қатысты. Орталықта ойнаудан бөлек, қорғаныстың сол қапталында да өнер көрсете алады. Бұған дейін ол «Аякс» академиясында тәлім алған, ал Transfermarkt порталы футболшыны 200 мың еуроға бағалап отыр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » «Барселона» «Генктен» жас орталық қорғаушыны алуға келісті