date

Ювентус Эн-Несири трансферін осы демалыс күндері аяқтауға жақын

Ювентус Эн-Несири трансферін осы демалыс күндері аяқтауға жақын

Туриннің «Ювентус» клубы «Фенербахче» шабуылшысы Юссеф Эн-Несириді сатып алу жөніндегі келісімді дәл осы демалыс күндері толық аяқтауға жақын. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайды хабарлайды .

28 жастағы марокколық форвард 22 млн еуроға бағаланады. Оның түрік клубымен қолданыстағы келісімшарты 2029 жылдың 30 маусымына дейін есептелген.

2025/2026 маусымында Эн-Несири барлық клубтық турнирлерде 25 матчқа қатысып, 8 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді.

Шабуылшы 2024 жылдың жазында Испанияның «Севилья» клубынан «Фенербахче» командасына 19,5 млн еуроға ауысқан еді.

Инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, марокколық футболшы жақын уақытта «Кәрі сеньора» сапының ойыншысы атанады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Ювентус Эн-Несири трансферін осы демалыс күндері аяқтауға жақын