date

Гвардиола кешегі ойында пенальти берілмеген эпизодқа наразы болды

Гвардиола кешегі ойында пенальти берілмеген эпизодқа наразы болды

Англия Премьер-лигасының 23-турында "Манчестер Сити" өз алаңында "Вулверхэмптонды" 2:0 есебімен жеңді. Дегенмен, жеңіске қарамастан, "қалалықтардың" бас бапкері Пеп Гвардиола кездесудегі кейбір төрелік шешімдерге көңілі толмағанын ашық айтты.

Кездесудің 35-минутында "Сити" шабуылшысы Омар Мармуш әуеден келген допты бақылауға алуға тырысқанда, доп қарсылас қорғаушысы Ерсон Москераның шынтағына тиді. Эпизодты АПЛ-де алғаш рет бас төреші қызметін атқарып жүрген Фарай Халлам қарап, қол табиғи жағдайда болғандықтан пенальти белгіленбейтінін айтты.

Гвардиола мұндай шешім қабылдаудың қиындығын жасырмады және төрешінің бұл кездесудегі дебюті де көпшілікке "танылуына" себеп болғанын мысқылмен атап өтті.

- Төреші дебюттік ойынын өткізді, енді оны бәрі таниды. Менің ойымша, ол мониторды көріп, "қол табиғи жағдайда" деген сылтаумен пенальтиін шешкен бірінші төреші болды," - деді Гвардиола.

Пептің пікірінше, бұл тақырыпта жақын арада Төрешілер комитетінің басшысы Говард Уэбб түсініктеме беруі керек. Ол мұндай жағдайлардың бұрын да болғанын, атап айтқанда, "Манчестер Юнайтедке" қарсы ойындағы даулы эпизодты еске алды.

Гвардиола "Юнайтедпен" ойындағы жағдай салдарынан Жереми Доку "Будё-Глимтпен" кездесуді өткізіп алғанын да айтты. Оның айтуынша, осыншама даулы шешімдерден кейін қоғамға нақты және жедел түсініктеме қажет.

- Ертең Говард Уэбб БАҚ-қа шығып, неліктен бұл пенальти емес екенін түсіндіретініне сенімдімін. Ертең шықсын - сәрсенбіге дейін созудың қажеті жоқ, ол күні Чемпиондар лигасы бар, біз бос болмаймыз, - деп қорытындылады бапкер.

Осылайша, 2:0 есебімен сенімді жеңіске қарамастан, "Манчестер Сити" лагерінен төрешілікке қатысты наразылықтар тағы да күн тәртібіне шықты. Енді жанкүйерлер Говард Уэббтің ресми түсініктемесін күтуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Гвардиола кешегі ойында пенальти берілмеген эпизодқа наразы болды