date

Жереми Доку әлемдегі ең үздік вингер болу шартын айтты

Жереми Доку әлемнің ең үздік вингері болу шартын айтты

«Ман Сити» шабуылшысы Жереми Доку әлемнің ең мықты қанат ойыншыларының қатарына кіру ниеті бар екенін мәлімдеді. Бельгия құрамасының мүшесі өзінің дриблинг қабілетімен танымал болса да, жоғары шыңдарды бағындыру үшін нәтижелілікті арттыру керек екенін түсініп отыр.

Бұл туралы Goal.com хабарлайды.

Доку 2023 жылы 55 миллион фунт стерлингке «Ренн» клубынан трансфер жасалғаннан бері Премьер-лигада ең көп алдап өтуді жүзеге асырған футболшы болып тұр. Алайда оның 123 ойындағы 19 голы Пеп Гвардиоланы толық қанағаттандырмайды.


Жаттықтырушы бұған дейін Докудың сұрмерген болуына күмән білдірген еді.

«Қанат шабуылшысы гол соғуы тиіс. Егер мен көбірек гол салсам, 100 пайыз ең мықтылардың қатарына кіремін.


Қорғаушылардан сұрап көріңіздер, олар мен гол соға бастасам, жағдай мүлдем өзгеретінін растайды», — дейді футболшы.

Доку қарсыластары оған қарсы ерекше тактика қолданатынын, көбіне екі қорғаушы оны аңдитынын атап өтті. Сондай-ақ ол командасындағы ең жылдам футболшыға қатысты пікірталастарға да тоқталып өтті.

Оның пікірінше, Абдуқодир Хусанов қысқа қашықтықта өте жылдам болып саналады.

«Хусановтың жылдамдығы бәріне мәлім. 15 метрлік қашықтықта өзіме сенімдімін, бірақ 40 метрлік жүгіруде Хусанов мені басып озатын шығар», — деп мойындады Доку.

Қазіргі уақытта «Ман Сити» ішкі требл жасау үшін күресті жалғастыруда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Жереми Доку әлемдегі ең үздік вингер болу шартын айтты