date

Трамптың қатысуымен Ақ үйде UFC турнирі өтеді

Трамптың қатысуымен Ақ үйде UFC турнирі өтеді

UFC ұйымының басшысы Дана Уайт Ақ үйде өткізілуі жоспарланып отырған кезекті жекпе-жек кешіне дайындық барысында АҚШ президенті Дональд Трамптың да тікелей қатысатынын мәлімдеді.

Уайттың айтуынша, Крейг Борсари, өзі және UFC командасы Ақ үйде өтетін турнирдің тек ұйымдастырушылық мәселелерін ғана емес, сондай-ақ жекпе-жек картасын қалыптастыруды да президент Трамп және оның командасымен бірлесіп талқылап жатыр. Осы мақсатта олар Вашингтонға сапар жасаған.

«Біз бірнеше нұсқаны қарастырып жатырмыз. Үш негізгі идея бар және олардың қайсысы президентке ұнайтынын талдап көреміз. Бұл турнир бірегей, ерекше, арнайы және өте қымбат іс-шара болады», — деп Дана Уайттың сөзін MMA Fighting басылымы келтіреді.

Мәліметке сәйкес, UFC тарапынан Ақ үй аумағында өткізілуі жоспарланған жекпе-жек кеші 14 маусымға белгіленген.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Трамптың қатысуымен Ақ үйде UFC турнирі өтеді