date

Кобби Майну «Манчестер Юнайтедпен» 2031 жылға дейін келісімшартқа отырды

Кобби Мейну «Манчестер Юнайтедпен» 2031 жылға дейін келісімшартқа отырды

«Манчестер Юнайтед» клубы өз тәрбиеленушісі Кобби Мейнумен ынтымақтастықты ұзартты. 21 жастағы жартылай қорғаушы «Олд Траффордта» 2031 жылдың маусымына дейін қалатын болды.

Бұл туралы Goal.com хабарлайды.

Мейну бірнеше айға созылған келіссөздерден кейін клубтың ең көп жалақы алатын футболшыларының қатарына қосылды. Алты жасынан бастап «қызыл сайтандар» жүйесінде болған футболшы негізгі құрамда 98 ойын өткізіп, 2024 жылғы Англия кубогының финалында жеңіс голын соққан болатын.


Клуб басшылығы қаңтар айындағы жаттықтырушылар ауысуынан кейін Мейнумен келісімшартты жаңартуды басым міндет деп санады. Оның апталық жалақысы бұрынғы 25 мың фунттан айтарлықтай өсті.

Футболшы клубтың ресми сайтына берген сұхбатында командаға деген адалдығын атап өтті. ««Манчестер Юнайтед» әрқашан менің үйім болды, бұл клуб отбасым үшін бәрін білдіреді.


Мен осы жейдені кию жауапкершілігін сезініп жүрмін», — деді Мейну.

Клубтың спорттық директоры Джейсон Уилкокс жартылай қорғаушыны әлемдік деңгейдегі талант деп атады. Оның айтуынша, Мейнудың кәсібилігі академияның басқа жас футболшылары үшін үлгі болады.

Мейну 3 мамыр күні «Ливерпульге» қарсы өтетін маңызды бәсекеде алаңға шығады деп күтілуде. Сондай-ақ, ол Томас Тухель бастаған Англия құрамасының Әлем чемпионаты тізімінен орын алу үшін күресіп жатыр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Кобби Майну «Манчестер Юнайтедпен» 2031 жылға дейін келісімшартқа отырды