date

Florentino Perez: Төрешілер бізден 18 ұпай ұрлады

Florentino Perez: Төрешілер бізден 18 ұпай ұрлады

Real Madrid президенті Florentino Perez сейсенбі күнгі мәлімдемесінде LaLiga төрешілерін қатаң сынға алды. Ол командасының чемпиондық жарыстағы сәтсіздіктеріне тікелей төрешілердің шешімдерін кінәлі деп санайды. Бұл туралы Goal.com хабарлайды .

Perez-дің айтуынша, Real Madrid ағымдағы маусымда төрешілердің қателіктері салдарынан 18 ұпайдан айырылған. Ол өз басшылығы кезінде клубтың небәрі жеті рет қана чемпион болғанына наразылық білдіріп, шын мәнінде бұл көрсеткіш 14 болуы керек еді деп мәлімдеді.

Сондай-ақ, Perez Negreira ісі бойынша да өз пікірін білдірді. Ол бұл оқиғаны футбол тарихындағы ең жаман жанжал деп атады және Barselona тарапынан төрешілер комитетінің бұрынғы вице-президентіне төленген қаржы мәселесі әлі күнге дейін ашық қалып отырғанына наразылығын жасырмады.

Real Madrid басшысы Negreira дәуіріндегі төрешілердің әлі де қызмет атқарып жатқанын қисынсыз деп санайды. Оның айтуынша, Barselona жылдар бойы төрешілердің қызметін пайдаланғанымен, жүйеде ешқандай елеулі өзгерістер болмаған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Florentino Perez: Төрешілер бізден 18 ұпай ұрлады