date

Роберт Левандовский Барселонадан кетуі мүмкін бе?

Роберт Левандовский Барселонадан кетуі мүмкін бе?

Барселона шабуылшысы Роберт Левандовский төңірегіндегі трансферлік қауесеттер күшейіп келеді. Sky хабарлауынша, Португалияның Порту клубы 37 жастағы поляк шабуылшысын өз қатарына қосуға қатты қызығушылық танытуда. Әзірге ресми келіссөздер басталмаса да, португалиялық гранд тәжірибелі футболшыны өз командасында көргісі келеді. Бұл туралы Goal.com хабарлайды .

Левандовскийдің Барселонамен қазіргі келісімшарты осы маусымның соңында аяқталады. Тараптар ынтымақтастықты тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігін жоққа шығармайды, алайда футболшының клубтан кету ықтималдығы жоғары бағалануда. Оған Ювентус пен Милан секілді Италия клубтары, сондай-ақ MLS және Сауд Арабиясы командалары да қызығушылық білдіруде.

Шабуылшының өзі болашағына қатысты әлі түпкілікті шешім қабылдамағанын атап өтті. Ол өз отбасы үшін ең қолайлы нұсқаны таңдайтынын айтты. Eleven Sports телеарнасына берген сұхбатында ол мансабының келесі кезеңінде «кішірек чемпионатта» ойнау мүмкіндігін де қарастырып жатқанын жасырмады.

Ханси Фликтің қол астында Роберт Левандовский негізгі құрам ойыншысы болып қала береді. Ол ағымдағы маусымда 43 кездесуге қатысып, 18 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді. Кейде қосалқы құрамнан шықса да, оның статистикасы әлі де жоғары деңгейде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Роберт Левандовский Барселонадан кетуі мүмкін бе?