Kerim Alajbegovic: Real Madrid арманындағы босниялық футбол гауһары

Edin Dzeko мансабының соңғы жылдарын өткізіп жатқан тұста, босниялық футболда жаңа жұлдыз жарқырап келеді. Bayer Leverkusen академиясының түлегі, 18 жасар Kerim Alajbegovic неміс футболынан Австрияға ауысқаннан кейін өз ойынымен көпшіліктің назарын аударды. Өткен жазда Red Bull Salzburg сапына қосылған шабуылшы жартылай қорғаушы, әлі BayArena-да дебют жасамастан бұрын, бұрынғы клубын кері сатып алу бабын іске қосуға мәжбүр етті. Бұл туралы Goal.com хабарлайды.
Alajbegovic Германияның Кёльн қаласында туғанымен, өз тарихи отаны Босния және Герцеговинаның намысын қорғауды таңдады. Оның әкесі әрі агенті Semin де Германияның төменгі лигаларында доп тепкен кәсіби футболшы болған. Керим өз мансабын 2013 жылы FC Koln академиясында бастап, сегіз жылдан кейін аймақтық қарсыласы Bayer Leverkusen сапына ауысқан еді. Бұл трансфер оның мансабындағы бетбұрыс кезеңі болды.
Леверкузендіктер сапында ол 15 жасында-ақ U17 командасында жарқырады. 2024-25 маусымында U19 командасы құрамында 13 ойында 14 нәтижелі әрекет жасап, жалпы 28 гол мен ассист тіркеді. Мұндай көрсеткіштер Red Bull Salzburg скауттарын бейжай қалдырмады. Bayer Leverkusen негізгі командасында алаңға шықпаса да, Xabi Alonso оны бірнеше рет Bundesliga және Champions League тізімдеріне қосқан болатын.
Қазіргі таңда жас талантқа Еуропаның көптеген гранд клубтары қызығушылық танытуда. Bayer Leverkusen оны кері сатып алған соң, бірден қымбатқа сатып жіберуі де ғажап емес. Футболшының өзі болашақта Real Madrid жейдесін киюді армандайтынын жасырмайды. Босниялық жанкүйерлер 2026 жылғы Әлем чемпионатында Alajbegovic пен Dzeko дуэтінен үлкен нәтиже күтуде.




















Пікірлер 0
…