date

Ресми: Арне Слот Liverpool-дан кетті

Ресми: Арне Слот Liverpool-дан кетті

Liverpool бас бапкері Арне Слот күтпеген жерден өз қызметінен кетті. Соңғы ақпараттарға сәйкес, клуб басшылығы мен нидерландылық маман өзара келісім бойынша бірден қоштасуға шешім қабылдады. Бұл туралы Goal.com хабарлайды.

2025-26 маусымы Liverpool үшін өте күрделі болды. Команданың Англия Премьер-лигасы турнирлік кестесінде бесінші орын алып, Чемпиондар лигасына жолдаманы әрең иеленуі басшылықтың наразылығын тудырды. Қатты қысым астында қалған Слот команданы күтілген деңгейге шығара алмады.

Танымал инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, мерсисайдтықтар жаңа үміткерлер бойынша жұмысты бастап кетті. Қазіргі таңда Слоттың орнына басты үміткер ретінде Андони Ираола қарастырылуда.

Liverpool жанкүйерлері үшін бұл отставка күтпеген жаңалық болды, алайда команданың соңғы нәтижелері өзгеріс уақыты келгенін көрсетіп тұрды. Енді клуб жаңа маусымға жаңа бапкердің жетекшілігімен дайындалады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Ресми: Арне Слот Liverpool-дан кетті