date

Қытай ақаулықтардан кейін роботаксилерге лицензия беруді тоқтатты

Қытай ақаулықтан кейін роботаксилерге лицензия беруді тоқтатты

Қытай билігі Baidu компаниясына тиесілі ұшқышсыз көлік құралдарының жұмысындағы ақаудан кейін роботаксилер үшін жаңа лицензиялар беруді тоқтатты. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды.

Өткен айда Ухань қаласында ондаған Apollo Go роботаксилері кенеттен тоқтап қалған. Салдарынан жолаушылар қиын жағдайда қалып, көлік қозғалысы бұзылған.

Бұл оқиға билік өкілдерін алаңдатып отыр. Өнеркәсіп және ақпараттық технологиялар министрлігі мен басқа да ведомстволар өкілдерінің қатысуымен арнайы жиын өткізілді.

Реттеушілер жергілікті атқарушы органдарды қауіпсіздік бақылауын күшейтуге және осыған ұқсас оқиғалардың алдын алуға шақырды.

Жаңа лицензиялар берудің тоқтатылуы компанияларға өз автопаркін кеңейтуге және жаңа қалаларда жобаларды іске қосуға мүмкіндік бермейді. Шектеудің қанша уақытқа созылатыны әзірге белгісіз.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Қытай ақаулықтардан кейін роботаксилерге лицензия беруді тоқтатты