date

"Honor 600" смартфондары жаһандық нарықта сатылымға шықты

«Honor 600» смартфондары жаһандық нарықта сатылымға шықты

«Honor 600» және «Honor 600 Pro» смартфондары Еуропа, Таяу Шығыс, Африка және Оңтүстік-Шығыс Азия нарықтарында сатылымға шықты. Өндірушінің мәліметінше, жаңа серия алдын ала тапсырыстар бойынша «Honor 400» нәтижелерінен асып түсті.

Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды.

Гонконг нарығында алдыңғы буынмен салыстырғанда 60 пайыздық өсім тіркелді. Малайзия мен БАӘ нарықтарында болса, бүкіл серияға арналған алдын ала тапсырыстар саны 150 пайыздан астамға артқан.

Базалық модель 6,57 дюймдік AMOLED экранмен, 120 Гц жаңарту жиілігімен және 8000 нит жарықтықпен жабдықталған. Құрылғы «Snapdragon 7 Gen 4» процессорымен және 12 ГБ жедел жадымен қамтылған.

Негізгі камера 200 және 12 мегапиксельді сенсорларды қамтиды.

«Honor 600 Pro» нұсқасы қуаттырақ «Snapdragon 8 Elite» платформасымен және 3,5 еселік зумы бар 50 мегапиксельді қосымша камерамен жабдықталған. Еуропа нарығына арналған нұсқаларда аккумулятор сыйымдылығы 7000 мА/сағ-тан 6400 мА/сағ-қа дейін азайтылған.

Екі модель де «Android 16» операциялық жүйесінде жұмыс істейді және 6 жылдық жаңартуларды алады. Еуропада базалық модель жад көлеміне қарай 550-ден 700 еуроға дейін, ал Pro нұсқасы 1000 еуродан сатылуда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » "Honor 600" смартфондары жаһандық нарықта сатылымға шықты