date

Dreame басшысы модульдік смартфонның жұмыс істейтін прототипін көпшілікке таныстырды

Dreame басшысы модульді смартфонның жұмыс істеп тұрған прототипін көпшілікке таныстырды

"Dreame Technology" компаниясының негізін қалаушы және бас директоры Ю Хао компания әзірлеп жатқан модульді смартфон бейнеленген видеоны жариялады. Құрылғының артқы панелі ақ түсті, дөңгелек камера модулі магнитті контактілердің көмегімен оңай шешіледі және жалғанады.

Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды.

Смартфонның алдыңғы панелінде селфи камерасы орналасқан. Алайда видеода экран қосулы күйде көрсетілмеген, сол себепті басқа техникалық сипаттамалары әзірге белгісіз.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында "Dreame" командасы Оңтүстік-Батыс Еуропа дилерлерінің конференциясында өзінің модульді құрылғылар сериясын таныстырған болатын. Ал наурыз айында "Digital Chat Station" инсайдері "Dreame Aurora" мобильді фотографияға бағытталған флагман болатынын хабарлады.

Бұл алынбалы камера модулі өзінің SoC жүйесіне, сенсорына, аккумуляторына және байланыс модуліне ие болады деп күтілуде. Жалғану арнайы контактілер арқылы жүзеге асырылады.

Осы аптада Испанияда өткен таныстырылымда "Dreame" жаңа "Aurora" желісінің прототиптерін көрсетті. Басты жаңалық ерекше концепцияға ие "Aurora Nex LS1" флагманы болды.

Бұған дейін компания басшысы "Apple" және "Samsung" компанияларын басып озып, нарықта көшбасшы болуды мақсат еткенін айтқан еді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Dreame басшысы модульдік смартфонның жұмыс істейтін прототипін көпшілікке таныстырды