date

Ғалымдар жасанды интеллект арқылы бактерияның генетикалық кодын өзгертті

Ғалымдар жасанды интеллект арқылы бактерияның генетикалық кодын өзгертті

Колумбия және Гарвард университеттерінің ғалымдары E. coli бактериясының генетикалық кодын қысқарту бойынша тәжірибе жүргізді.

Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды.

Зерттеушілер 20 стандартты аминқышқылдың бірін алып тастау арқылы жасушаның тіршілік қабілетін сақтап қалу мүмкіндігін зерттеді. Ол үшін изолейцин аминқышқылы таңдап алынды.

Ғалымдар алдымен 36 маңызды гендегі изолейцинді валинге алмастырды. Нәтижесінде кейбір бактериялар жойылғанымен, гендердің жартысы жұмысын жалғастырды.

Келесі кезеңде рибосома ақуыздары сынақтан өткізілді.

Жасанды интеллект модельдерінің көмегімен рибосома ақуыздарының баламалы тізбегі әзірленді. Тәжірибе барысында бактериялардың өсу қарқыны 30-40 пайызға баяулағанымен, олар тіршілігін жалғастырды.

Ғалымдар бұл нәтижені баламалы биохимиялық жүйелерді құрудағы алғашқы қадам деп санайды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Ғалымдар жасанды интеллект арқылы бактерияның генетикалық кодын өзгертті