date

Bumble танысу қосымшасында «swipe» функциясынан бас тартпақ

Bumble танысу қосымшасында "swipe" функциясынан бас тартпақ

Танымал танысу қосымшасы Bumble өзінің негізгі ерекшелігі болып табылатын «swipe» (экранды сырғыту) функциясын алып тастауды ұйғарды. Компанияның бас директоры Уитни Вулф Хердтің айтуынша, бұл өзгеріс танысу саласындағы төңкерістік қадам болмақ және пайдаланушыларға жаңа тәжірибе ұсынады. Бұл туралы Techcrunch.com хабарлайды .

Бұл шешім Bumble үшін қаржылық қиындықтар орын алған кезеңге тұспа-тұс келді. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында қосымшаның ақылы пайдаланушыларының саны 21 пайызға азайып, 3,2 миллионды құрады. Компания басшылығы бұл төмендеуді пайдаланушылар базасын «сапалырақ» ету мақсатындағы әдейі жасалған қайта жүктеу деп атауда.

Алдағы өзгерістер жасанды интеллект технологияларына негізделеді деп күтілуде. Bumble қазірдің өзінде «Bee» атты жасанды интеллект көмекшісімен жұмыс істеп жатыр. Вулф Херд болашақта жеке жасанды интеллект боттары пайдаланушылардың орнына басқа боттармен қарым-қатынас жасай алатынын да жоққа шығармайды.

Қосымшаның жаңартылған нұсқасын ағымдағы жылдың соңғы тоқсанында ұсыну жоспарланған. Оған дейін пайдаланушылар танысу процесінде әдеттегі «swipe» функциясын қолдана берулеріне болады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Bumble танысу қосымшасында «swipe» функциясынан бас тартпақ