date

SpaceX Луизианадағы батпақты аймаққа жаңа ғарыш айлағын салуы мүмкін

SpaceX Луизианадағы батпақты аймаққа жаңа ғарыш айлағын салуы мүмкін

Интернетте SpaceX компаниясы АҚШ-тың Луизиана штатынан үлкен аумақты сатып алуы мүмкін деген ақпарат тарады. Сөз Pecan Island және Freshwater City аймағындағы, Highway 82 тас жолынан оңтүстікте орналасқан шамамен 550 мың шаршы метр аумақты алып жатқан батпақты жерлер туралы болып отыр. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды .

Бұл ақпаратты Keaty Real Estate компаниясының риелторы Джим Кит жариялады. Оның айтуынша, аталған аумақ Elon Musk компаниясының болашақ Starship ұшырулары мен жаңа инфрақұрылымын құруға арналуы мүмкін.

Әсіресе, Freshwater City қайық станциясының маңындағы аумақ үлкен қызығушылық тудыруда. Ол жерде Мексика шығанағына тікелей шығуға мүмкіндік беретін және порт ретінде қайта жабдықтауға қолайлы алаң бар. Аймақ Техастағы Boka-Chika мен Флоридадағы Канаверал мүйісінің арасында ыңғайлы орналасқан.

SpaceX бұған дейін Starship ұшыруларын жылына мыңдаған ретке дейін жеткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеген болатын. Ол үшін компанияға АҚШ пен әлемнің әр түкпірінде бірнеше ұшыру алаңдары қажет болады. Компания өкілдері Starship операцияларын кеңейту үшін үнемі жаңа орындарды зерттеп жатқанын атап өтті.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » SpaceX Луизианадағы батпақты аймаққа жаңа ғарыш айлағын салуы мүмкін