date

Ұлыбританияда литий-ионды батареяларға байланысты өрттер күрт көбейді

Ұлыбританияда литий-ионды батареяларға байланысты өрттер күрт көбейді

Ұлыбританияда литий-ионды батареялардың кесірінен болып жатқан өрттер саны алаңдатарлық деңгейге жетті. QBE сақтандыру компаниясының мәліметінше, 2025 жылдың өзінде 1 760 осындай жағдай тіркелген, бұл әр бес сағат сайын бір өрт болып жатыр деген сөз. Соңғы үш жылда мұндай оқиғалар саны 147 пайызға өсті. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды .

Статистикаға сәйкес, өрттердің негізгі себепкері — электр велосипедтер мен электросамокаттар. Қазіргі таңда олар батареяға байланысты барлық өрттердің үштен бірін құрайды. Әсіресе, Лондон қаласында жағдай күрделі: елордада электр көліктеріне қатысты өрттер барлық аккумулятор оқиғаларының 44 пайызын құрап, үш жыл ішінде бес адамның өліміне себеп болды.

Мамандар өрттердің басты себебі ретінде интернет-дүкендер арқылы сатылатын сапасыз, сертификатталмаған аккумуляторлар мен қуаттау құрылғыларын атап өтуде. Көбінесе батареялар қуатталып жатқан кезде, әсіресе түнде немесе тұрғын үйлердің дәліздерінде жанып кетеді. Бұл жағдайда туындайтын «термиялық қашу» процесі батареяның ішкі бөлігін күрт қыздырып, улы газдардың бөлінуіне және жарылысқа әкеледі.

Өрт қауіпсіздігі қызметтері литий-ионды батареяларды дұрыс кәдеге жаратпау мәселесіне де назар аударуда. Олардың қарапайым қоқыспен бірге тасталуы қоқыс таситын көліктер мен қайта өңдеу зауыттарында өрттерді тудыруда. Сақтандырушылардың есебінше, бұл оқиғалар келтіріп жатқан жылдық шығын 1 миллиард фунт стерлингтен асып кетті.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Ұлыбританияда литий-ионды батареяларға байланысты өрттер күрт көбейді