date

Тарихтағы алғашқы атом бомбасының жарылысы материяның жаңа түрін пайда етті

Тарихтағы алғашқы атом бомбасының жарылысы материяның жаңа түрін пайда етті

АҚШ пен Еуропа ғалымдары 1945 жылы жүзеге асырылған "Trinity" ядролық сынағы нәтижесінде пайда болған тринитит минералының құрамынан кремний клатраттарының бұрын белгісіз түрін анықтады. Жарылыс кезіндегі экстремалды температура мен қысым топырақты ерітіп, осы ерекше шыны тәрізді затты түзеген. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды .

Зерттеушілер тринитит үлгілерінен кальций, мыс және темір атомдары бар ерекше кристалды құрылымдарды тапты. Мұндай экзотикалық заттар тек өте жоғары қысым мен температура жағдайында ғана қалыптасады, сондықтан оларды зертханалық ортада қайта жасау мүмкін емес деп саналады.

Принстон университетінің профессоры Пол Стейнхардт бастаған топ бұған дейін осы аумақтан квазикристалдарды да тапқан болатын. Жаңа жаңалық ядролық жарылыс кезінде заттардың қалыптасу процесі ғалымдар болжағаннан әлдеқайда күрделі болғанын көрсетіп отыр.

Кванттық химия әдістері арқылы жүргізілген есептеулер қолданыстағы теориялармен толық сәйкес келмеді. Бұл ғалымдарды жарылыс кезінде болған физикалық-химиялық процестерді қайта қарауға және экстремалды жағдайлардың зат құрылымына қалай әсер еткенін тереңірек зерттеуге итермелейді.

Естеріңізге сала кетейік, "Trinity" сынағы 1945 жылы 16 шілдеде Нью-Мексико штатындағы "White Sands" полигонында өткізілген. Бұл адамзат тарихындағы алғашқы ядролық жарылыс болып, ол "Манхэттен жобасы" аясында жүзеге асырылған еді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Тарихтағы алғашқы атом бомбасының жарылысы материяның жаңа түрін пайда етті