date

NASA-ның Psyche аппараты Марсқа барынша жақындады

NASA-ның Psyche аппараты Марсқа барынша жақындады

Бүгін, 15 мамырда NASA-ның Psyche ғарыш аппараты Марс планетасының жанынан өтіп, маңызды гравитациялық маневр жасады. Зонд Марс бетінен шамамен 4500 шақырым қашықтықта ұшып өтті. Бұл маневр аппаратқа өз жылдамдығын арттыруға және негізгі нысана — 16 Psyche металл астероидіне бағытталған траекторияны түзетуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Ixbt.com хабар береді.

Қазіргі уақытта сағатына шамамен 20 мың шақырым жылдамдықпен қозғалып жатқан аппарат Марстың тартылыс күшін пайдаланып, қосымша үдеу алады. 2023 жылдың күзінде басталған бұл миссия 2029 жылы Марс пен Юпитер арасындағы негізгі астероидтар белдеуінде орналасқан, диаметрі 280 шақырымға тең 16 Psyche нысанына жетуі жоспарланған.

NASA мамандары үшін бұл жақындау тек навигациялық емес, ғылыми тұрғыдан да үлкен маңызға ие. Аппараттағы мультиспектрлі камера Марстың мыңдаған суретін түсіреді, бұл құрылғыны алыс ғарышта емес, ірі нысандардың жанында сынап көру үшін алғашқы мүмкіндік.

Сондай-ақ, ғалымдар Марс айналасындағы әлсіз шаң сақинасын анықтауға тырысады. Бұл шаң бөлшектері Фобос пен Деймос серіктерінің бетінен микрометеориттердің әсерінен бөлініп шыққан болуы мүмкін. Сонымен қатар, миссия тобы планета маңындағы кішігірім табиғи серіктерді немесе сынықтарды іздейді, бұл тәжірибе болашақта астероидты зерттеуде кәдеге жарайды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » NASA-ның Psyche аппараты Марсқа барынша жақындады