Қытайдағы оптикалық бум: оптикалық талшықтар мен трансиверлер экспорты күрт өсті

2026 жылдың бірінші тоқсанында Қытайдан оптикалық талшықты кабельдер мен оптикалық модульдер (трансиверлер) экспорты айтарлықтай өсті. Көптеген өндіруші компаниялар 2028 жылға дейінгі тапсырыстар портфелін қалыптастырып үлгерді. Арнайы оптикалық өнімдердің бағасы бір жыл ішінде он есе өскеніне қарамастан, сұраныс ұсыныстан жоғары күйінде қалуда. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды .
Өндірістік қуаттардағы шектеулерге байланысты тапсырыстар көлемі өткен жылмен салыстырғанда төрт есе өскенімен, нақты жеткізу көлемі небәрі екі есеге ғана артты. Клиенттер өндірістік желілерді брондау үшін алдын ала төлем жасауға мәжбүр болуда.
Электр сигналдарын жарық импульстеріне айналдыратын оптикалық модульдер экспорты да тұрақты өсуде. Ағымдағы жылдың алғашқы үш айында бұл өнімдердің экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30 пайызға көбейді. Әсіресе, Ухань қаласында өндірілген 1,6T оптикалық модулі халықаралық нарықта ең сұранысқа ие өнімге айналды.
Бүгінгі таңда қытайлық компаниялар оптикалық модульдер бойынша әлемдік нарықтың 70 пайызынан астамын, ал оптикалық талшық нарығының 60 пайызын бақылауда ұстап отыр. Қытайлық өндірушілер нарықтағы үлесін сақтап қана қоймай, өз технологияларын жаһандық деңгейде енгізуді жеделдетуде.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!