date

Colossal Biosciences жойылған моа құсын қайта тірілтпекші

Colossal Biosciences жойылған моа құсын қайта тірілтпекші

АҚШ-тың Colossal Biosciences биотехнологиялық компаниясы жойылған түрлерді қалпына келтіру жобасы аясында жасанды ортада балапандарды сәтті өсірді. Тәжірибе барысында 3D-принтерде басып шығарылған және табиғи жұмыртқа қабығына ұқсас арнайы қалып қолданылды. Нәтижесінде 26 сау балапан дүниеге келді. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды. деп жазады.

Компанияның бас директоры Бен Ламм бұл технологияның болашақта Жаңа Зеландияда өмір сүрген және жойылып кеткен алып моа құсын қалпына келтіру үшін қызмет ететінін атап өтті. Моа жұмыртқалары тауық жұмыртқасынан 80 есе үлкен болғандықтан, оларды табиғи жолмен инкубациялау мүмкін емес. Ғалымдар тауық жұмыртқасының құрамын жасанды қалыпқа көшіріп, эмбрионның дамуы үшін қажетті кальцийді қосып отырды.

Алайда, ғылыми қауымдастық бұл жетістікке күмәнмен қарайды. Буффало университетінің эволюциялық биология профессоры Винсент Линч бұл жүйені толыққанды жасанды жұмыртқа деп атау қате екенін айтты. Оның айтуынша, бұл жай ғана жетілдірілген жасанды қабық, ол эмбрионның қоректенуі мен қалдықтарды шығаруы үшін қажетті барлық биологиялық органдарды қамтымайды.

Сарапшылар сонымен қатар жойылған түрлерді қалпына келтірудің этикалық және экологиялық салдары туралы ескертуде. Биоэтик Артур Каплан қалпына келтірілген жануарлардың бүгінгі өзгерген экожүйеде өмір сүріп кетуі қиын болатынын атап өтті. Соған қарамастан, Colossal Biosciences командасы инженерлік мәселелерді кезең-кезеңімен шешуді жалғастыруда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Colossal Biosciences жойылған моа құсын қайта тірілтпекші