date

Шавкат Мирзияев UWW басшысын "Дустлик" орденімен марапаттады

Шавкат Мирзияев UWW басшысын "Дустлик" орденімен марапаттады

Президент Шавкат Мирзиёев 13 қазанда United World Wrestling (Біріккен күрес әлемі, UWW) басшысы Ненад Лаловичті қабылдады.

Осы беделді жаһандық құрылыммен Өзбекстандағы жекпе-жек спорт түрлерін ұйымдастырушылық-сарапшылық жағынан қолдау және одан әрі насихаттау саласындағы практикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қаралды.

Келіссөздер барысында UWW басшысы Өзбекстанда бұқаралық спорт саласында жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформаларды, соның ішінде қолжетімді және заманалық инфрақұрылымды кеңейту, беделді турнирлер мен жарыстарды тұрақты түрде өткізу арқылы жастарды спорт қозғалысына кеңінен тарту жұмыстарын жоғары бағалады.

Өзбекстанда ірі құрлықтық және әлем чемпионаттарын ұйымдастыру, ұйымның аясында Аймақтық күрес академиясын құру, спорттық медицина, диетология, психология және басқа да басым бағыттардағы серіктестік мәселелері талқыланды.

Президент балалар мен жасөспірімдер арасында спорттық жекпе-жектерді насихаттаудың, таланттарды іріктеу мен даярлаудың заманауи әдістерін енгізудің, махаллалардағы үйірмелер мен залдардан бастап спорттық шеберлік мектептері мен мамандандырылған кешендерге дейінгі инфрақұрылымды жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.

Кездесу соңында Шавкат Мирзияев бұқаралық спорт пен жекпе-жек түрлерін дамытуға және қолдауға қосқан зор жеке үлесі үшін Ненад Лаловичке "Достық" орденін табыс етті.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Өзбекстан » Шавкат Мирзияев UWW басшысын "Дустлик" орденімен марапаттады