date

Белград университетінің филиалы Өзбекстанда ашылады

Белград университеті филиалы Өзбекстанда ашылады
Өзбекстанның жоғары білім беру жүйесінде маңызды жаңалық күтілуде. Елде Сербияның жетекші университеттерінің бірі болып саналатын Белград университетінің филиалын ашу жоспарлануда.

Аталған университет әлемдік академиялық рейтингтердің топ-1000 тізімінде үнемі орын алып келеді. Бұл туралы Өзбекстан 24 телеарнасына берген сұхбатында Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрі Қоңыратбай Шәріпов мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, Сербия тарапы өзбекстандық талапкерлерге инженерия, ақпараттық технологиялар және блокчейн сияқты келешегі зор бағыттарда білім алу мүмкіндігін ұсынуға дайын. Білім саласындағы бұл әріптестік 29-қазан күні президенттер Шавкат Мирзиёев пен Александр Вучич арасындағы келіссөздер нәтижесінде келісілді.

Сондай-ақ, осы келіссөз аясында Нови-Сад университетімен де ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Онымен ауыл шаруашылығы саласында бірлескен білім беру бағдарламаларын іске қосу жоспарлануда.

Бұл бастамалар екі ел арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған кең көлемді келісімдер шеңберіне енеді және Өзбекстанның жетекші шетелдік білім беру орталықтарын тартуға бағытталған жалпы стратегиясына сәйкес келеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Өзбекстан » Белград университетінің филиалы Өзбекстанда ашылады