date

Узгидромет жедел ескерту жасады

Узгидромет жедел ескерту жасады

Узгидромет кезекті ескерту хабарламасымен шықты. Ағымдағы жылдың 17-18 февраль күндері болжанып отырған жауын-шашын мен ауа температурасының ауытқуына байланысты республиканың таулы аймақтарында қар көшкіні қаупі бар. Бұл туралы Узгидромет ескерту жариялады.

Оған сәйкес;

- Қашқадария облысы: Дехканабад, Кітап, Қамашы, Шахрисабз аудандарында;

- Сұрхандария облысы: Байсун, Құмқорған, Сарыасия, Ұзын аудандарында;

- Самарқанд облысы: Нұрабад, Қошрабат, Самарқанд, Ургут аудандарында;

- Жызақ облысы: Бахмал, Замин аудандарында;

- Ташкент облысы: Бостандық, Паркент, Ахангаран аудандары (Шатқал жотасының таулары);

- Наманган облысы: Поп ауданында қар көшкіні қаупі жарияланады.

Таулы аймақтарда тұратын азаматтардан, демалушылардан және таулы аймақтарда қозғалатын жүргізушілерден сақтық шараларын қолдану сұралады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » Узгидромет жедел ескерту жасады