Өзбекстан неге ең көп су тұтынатын 10 елдің қатарына кірді?

Worldometer порталы жариялаған суды пайдалану индексіне сәйкес, Өзбекстан жан басына шаққандағы су тұтыну деңгейі жоғары елдер қатарына енді. Мәліметтерде Орталық Азия елдеріндегі су тұтыну көрсеткіші әлемдегі ең жоғары деңгейлердің бірі екені атап өтілген.
Өзбекстанда бір адамға тәулігіне орта есеппен 4 778 литр су келеді. Осы көрсеткіш бойынша ел әлемдегі ең көп су тұтынатын он мемлекеттің қатарына кірді. Су шығынының негізгі бөлігі ауыл шаруашылығы мен суару жүйелеріне тиесілі.
Аймақтағы ең жоғары көрсеткіш Түрікменстанда тіркелген. Онда бір адамға тәулігіне 15 445 литрге дейін су жұмсалатыны айтылуда. Тәжікстанда бұл көрсеткіш 4 460 литрді, Қырғызстанда 4 153 литрді, ал Қазақстанда 3 397 литрді құрайды.
Тізімде Өзбекстанмен қатар Чили, Гайана, Тәжікстан, Қырғызстан, АҚШ, Иран, Эстония және Әзербайжан да бар. Суды пайдаланудың ең төменгі деңгейі Африка елдерінде байқалған. Конго Демократиялық Республикасында бір адамға күніне небәрі 32 литр су келеді.




















Пікірлер 0
…