date

Кеше Иранда Израильдің «разведкашысы» атылды

Кеше Иранда Израильдің «разведкашысы» атылды

Иран үкіметі 29 қыркүйекте Израиль барлау қызметі – Моссад үшін ақпарат жинаумен айыпталған Бахман Чоуби-Аслды атқызды. Бұл туралы Al Arabiya хабарлады.

Сот құжаттарына сәйкес, Чоуби-Асл Ирандағы Израильдің ең маңызды барлаушыларының бірі болып, мемлекеттік мекемелер мен деректер орталықтарына кіру, электрондық жабдықтар импорты бағытын анықтау және әртүрлі зиянды операцияларды орындау тапсырмаларын орындаған.

Иран Жоғарғы соты оның апелляциясын қабылдамай, «жер бетінде бұзушылық» (fisad fil-arz) бабы бойынша шыққан өлім жазасын күшінде қалдырды.

Сонымен қатар, Иран үкіметі 2025 жылдың басынан бері Израиль үшін барлаушылық жасады деп айыпталған кемінде 10 адамның атылғанын мәлімдеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Кеше Иранда Израильдің «разведкашысы» атылды