date

Мадагаскар Президенті наразылықтан кейін үкіметті таратты

Мадагаскар Президенті наразылықтан кейін үкіметті таратты

Мадагаскар Президенті Андри Радзуэлин ел бойынша жалғасқан наразылықтардан кейін үкіметті таратқанын жариялады және үш күн ішінде жаңа премьер-министрді тағайындауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

"Мен бұл елдегі басқару жүйесін терең қайта қарастырып, реформалаймын," деді президент халыққа жасаған үндеуінде.

Бұл шешім 25 қыркүйекте электр мен су үзілуіне қарсы басталған жаппай наразылықтардан кейін қабылданды. Наразылықтар кезінде 22 адам қаза тауып, 100-ден астам адам жарақат алды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Мадагаскар Президенті наразылықтан кейін үкіметті таратты