date

Йогурт дүкеніндегі қылмыс 34 жылдан кейін ашылды

Йогурт дүкеніндегі қылмыс 34 жылдан кейін ашылды

Остин (Техас) полициясы 1991 жылы болған, қоғамның кең назарын аударған атышулы қылмыс бойынша күдіктіні анықтады. Бұл туралы Deadline хабарлады.

34 жыл бойы құпия болып келген «Йогурт дүкеніндегі кісі өлтірулер» ісі заманауи ДНҚ талдаулары арқылы ашылды. Тергеу органдары 26 қыркүйекте күдіктінің Роберт Юджин Брашерс екенін мәлімдеді.

Брашерс бұған дейін 1990 жылдардағы бірнеше кісі өлтіруге және 1997 жылы 14 жастағы қызды зорлау ісіне қатысы бар екені айтылған. 1999 жылы ол тағы бір күдікті қылмыстан кейін полициямен қақтығыста өзін-өзі өлтірген.

Ресми мәлімдемеде тергеушілер осы жылдар бойы жәбірленушілердің отбасыларына адал болып қалғандары атап өтілді.

Қылмыс 1991 жылдың 6 желтоқсанында болған. Жасы 13-тен 17-ге дейінгі төрт қыз мұздатылған йогурт дүкенінде кезектерін аяқтап жатқанда, оларға беймәлім адам шабуыл жасаған. Олар байланған, зорлыққа ұшыраған және аяусыз өлтірілген. Дүкен қасақана өртелген.

Аталған қылмыс кейінірек 2025 жылы түсірілген «Йогурт дүкеніндегі кісі өлтірулер» мини-сериалында және жазушы Кори Митчеллдің «Қырылған жазықсыздар» кітабында сипатталған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Йогурт дүкеніндегі қылмыс 34 жылдан кейін ашылды