date

Трамп Медведев туралы: “Ол шынымен ақымақ адам”

Трамп Медведев туралы: “Ол шынымен ақымақ адам”

АҚШ президенті Дональд Трамп америкалық әскери қолбасшылармен кездесуінде Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев туралы қатқыл пікір білдірді.

Трамптың айтуынша, Медведев жуырда Америкаға қоқан-лоқы жасаған. Осыдан кейін президент әлемдегі ең қауіпті қарулардың бірі саналатын америкалық атомдық сүңгуір қайықтарды Ресей жағалауларына жіберу туралы шешім қабылдаған.

“Медведев шынымен ақымақ адам. Бірнеше күн бұрын бізге қоқан-лоқы жасады. Содан соң мен ең ірі ядролық қарулары бар сүңгуір қайықтарды Ресей жағалауларына бағыттадым. Мұны тек оның ‘ядролық’ деген сөзді қолданғаны үшін жасадым. Адамдардың бұл сөзді жай ғана пайдалануына жол бере алмаймыз,” — деді Трамп.

Президенттің сөзінше, бұл әрекет шабуыл үшін емес, тек сақтық шарасы ретінде жасалған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Трамп Медведев туралы: “Ол шынымен ақымақ адам”