date

Сот дәрігерлерден жазуын өзгертуді талап етті

Сот дәрігерлерден жазуын өзгертуді талап етті

Үндістанда сот дәрігерлердің түсініксіз жазуы науқастардың өміріне қауіп төндіруі мүмкін екенін айтты. Пенджаб пен Харьяна Жоғарғы соты рецепттер анық әрі түсінікті жазылуы тиіс, бұл науқастың құқығы екенін мәлімдеді.

Мамандар дұрыс жазылмаған рецепт дәрілерді шатастырып беру қаупін тудыратынын айтады. Кей жағдайларда бұл ауыр салдарға, тіпті өлімге әкелген. Сондықтан жазудың анық болуы өте маңызды.

Сот шешіміне сәйкес, дәрігерлер енді рецепттерді бас әріптермен және түсінікті етіп жазуға міндетті. Сонымен қатар екі жыл ішінде цифрлық рецепттер енгізілуі жоспарлануда.

Үндістан медицина қауымдастығы да бұл шешімді қолдады. Дәрігерлерге жазуды анық ету ұсынылды. Мамандардың пікірінше, электрондық рецепттер кеңінен қолданылса, қателіктер азаяды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Сот дәрігерлерден жазуын өзгертуді талап етті