date

БҰҰ: Газада гуманитарлық қызметкерлерге қауіп төніп тұр, қирату күшейіп келеді

БҰҰ: Газада гуманитарлық қызметкерлерге қауіп төніп тұр, қирату күшейіп келеді

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) хабарлауынша, Израильдің жалғасып жатқан әуе және жер шабуылдарының салдарынан Газадағы жағдай барған сайын нашарлап барады. Елді мекендерде үлкен қиратулар орын алып, көптеген құрбандар тіркелуде. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының баспасөз хатшысы Стефан Дюжаррик күнделікті баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Дюжарриктің айтуынша, БҰҰ гуманитарлық көмек қызметкерлері Газаның солтүстігіндегі жағдай күрт нашарлағанын хабарлап отыр. Израильдің үздіксіз және күшті бомбалаулары бейбіт тұрғындардың өлімі мен тұрғын үйлердің қирауына себеп болуда. Сонымен қатар, гуманитарлық қызметкерлердің қауіпсіздігіне үлкен қауіп төніп тұр.

Ақпаратқа қарағанда, 3 октябрьде Израильдің кезекті әуе шабуылы салдарынан аурухананың алдындағы автобус аялдамасында тұрған бір гуманитарлық қызметкер қаза тауып, тағы төртеуі ауыр жарақат алған. 8 қазаннан бері Газада кемінде 562 көмек қызметкері қаза тапты, олардың 376-сы БҰҰ қызметкерлері. Бұл сандар БҰҰ-ның гуманитарлық миссиясына қаншалықты үлкен қауіп төндіретінін көрсетеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » БҰҰ: Газада гуманитарлық қызметкерлерге қауіп төніп тұр, қирату күшейіп келеді