Ресей халқының көп бөлігі ел басшысы Владимир Путинге сенім артып отыр. Соңғы сауалнама нәтижелеріне сәйкес, әр он ресейліктің сегізі — яғни 79,1 пайызы — президентке сенім білдіреді.
Сонымен қатар, қатысушылардың 75,4 пайызы Путиннің саясаты мен қызметін құптаған. Тек 16 пайызы ғана оған сенбейтінін айтса, 14,6 пайызы оның жұмысын теріс бағалаған.
Сауалнама нәтижелері Ресей үкіметіне деген көзқарасты да көрсетті — сұралғандардың 47,9 пайызы үкімет қызметін мақұлдаса, 20 пайызы сын көзбен қараған.
Премьер-министр Михаил Мишустинге деген сенім де жоғары деңгейде — халықтың 60,1 пайызы оны қолдаса, 19,7 пайызы керісінше пікір білдірген.
Дереккөз: РИА Новости
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар