date

Украина Венгрия үкіметіне қарсы «саяси ойын» бастады

Украина Венгрия үкіметіне қарсы «саяси ойын» бастады

Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанның айтуынша, Киев Брюссельмен бірлесіп елдің ішкі істеріне араласуға тырысуда. Оның айтуынша, бұл әрекеттің басты мақсаты — қазіргі үкіметті құлатып, Украинашыл саяси күштерді билікке әкелу.

Орбан бұл туралы Hetek басылымына берген сұхбатында айтты. Оның сөзінше, Брюссель мен Киев Венгрияның саяси алаңына бірлесе әсер етуде.

«Венгрияның ішкі саясатына тек Брюссель ғана емес, Киев те араласуда. Олар мұны бірге іске асырып жатыр. Сондықтан Еуропалық Одақтың қазіргі мақсаты — Венгрияда Украинашыл үкімет орнату. Украина да бұл процеске мүдделі, украиндар венгр оппозициясын ашық қолдап отыр», — деді Орбан.

Венгрия басшысының пікірінше, қай тараптан болса да, кез келген сыртқы араласу ел егемендігі үшін үлкен қауіп төндіреді.

«Біздің ең үлкен қауіпіміз — шетелдің ішкі саясатқа араласуы», — деп атап өтті Орбан.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Украина Венгрия үкіметіне қарсы «саяси ойын» бастады