date

Қарақалпақстанда пойыз бен КАМАЗ соқтығысты

Қарақалпақстанда пойыз бен КАМАЗ соқтығысты

Қарақалпақстан Республикасының Төрткөл ауданында жолаушы пойызы мен жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлады "Узбекистон темир йуллари" АҚ Баспасөз қызметі.

Мәліметтерге қарағанда, 6 октябрь күні сағат 15:31-де Қоңырат аймақтық теміржол торабына қарасты Төрткөл - Елікқала станциялары арасындағы 531 шақырым 8-пикеттегі күзетсіз теміржол қиылысында No128 Қоңырат - Әндіжан жолаушылар пойызы қозғалыс кезінде сигнал белгілерін ескермеген КАМАЗ автомобилімен соқтығысқан.

Жолаушылар пойызында 216 жолаушы болған, оларға зақым келмеген. КамАЗ жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жіберілді. Апат салдарынан пойыз қозғалысы уақытша тоқтап, 16:15-те басқа тепловоздың көмегімен жолға шыққан.

Қазір оқиға орнында тиісті мекемелер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Қарақалпақстанда пойыз бен КАМАЗ соқтығысты